Блогерлерге арналған «Сенің Астанаң» байқауы
2018 жылдың 28 мамырынан 15 шiлде аралығында ресми жарық көрген материалдардың түпнұсқалары байқауда қабылданатын болады.

Байқауға өтініштер 2018 жылдың 28 мамыры мен 15 шiлдеге аралығында қабылданады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері
1
Қазақстанның жетістіктерін ақпараттық-имиджін жариялау, Республиканың іскерлік және ғылыми-білім беру орталығы, тарихи-мәдени, заманауй және қауіпсіз қала ретіндегі Астананың оң имиджін ілгерілету
2
Елорданың мерейтойын атап өтудің идеялық мағынасы мен маңыздылығын түсіндіруге бағытталған материалдарды әзірлеп, орналастыру.
3
Қазақстанның табысты дамуының драйвері, ұлттың рухани жаңғыруы, Тәуелсіздіктің ең басты символы ретіндегі маңыздылығы жайлы материалдар топтамасын әзірлеу.
4
БАҚ қызметкерлерінің шығармашылық өзін-өзі дамыту мен кәсіби өсуге ынтасын қалыптастыру.
5
Елдің журналистика қауымдастығында жаңа есімдерді анықтау.
Номинациялар
Астана - кеше мен бүгін: 20 жылдағы жетістіктер
Болашақтың Астанасы - ақылды қала
Астана – әлем картасында
Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы
Өткізу мерзімі және байқаудың шарттары
1
2018 жылдың 28 мамырынан 15 шiлде аралығында ресми жарық көрген (жарияланған, эфирге шығарылған, интернетте орналастырылған) материалдардың түпнұсқалары байқауда қабылданатын болады.
2
Байқауға қатысуға өтініш электронды түрде 2018 жылдың 28 мамырынан 15 шiлдеге дейін қабылданады.
3
Байқауға жеке және ұжымдық авторлық жіберілетін болады. Бір немесе ұжымдық автор тек қана бір ғана номинацияға қатысуға құқылы.Байқауға қатысуға бір автордың 3-тен көп емес жұмысы қабылданады. (авторлар ұжымының). Соның ішінде бір атаумен біріктірілген материалдар жиыны қабылданатын болады.
4
Автор (авторлар ұжымы) өтнішке қол қоя отырып, Байқауды ұйымдастырушыларға байқауға тапсырылған жұмысты БАҚ беттерінде өз қалауы бойынша орналастыруға автоматты түрде келісім береді.
5
Байқау жұмыстарын ұсыну нысаны:
Материал, БАҚ-та орналастырылған (әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында) материалдың сілтемесі немесе PDF-форматымен «Word» форматтағы жарияланған электронды данасы.
6
Байқау жұмысының көлемі шектелмеген.
7
Конкурстық жұмысты бағалаудың өлшемдері (критерии) (10-балдық шкаламен):
-шығармашылық жаңалығы мен идеяның ерекшелігі;
-жұмыстың терең мазмұндылығы;
-жалпы этикалық және эмоционалды қабылдауы.
8
Байқаудың тілі – қазақ және орыс тілдерінде.
9
Байқау жұмысының авторлық және мазмұнының дұрыстығына автор жауапты болады (авторлар ұжым).
10
Байқауға жарнамалық сипаттағы жұмыстар жіберілмейді.
11
Қажеттілікке байланысты Байқауды ұйымдастырушылар қатысушыдан материалдың сәйкестігі мен шығу уақыты және авторлық құқықғын растайтын қосымша мәліметтер талап етуге құқылы.
12
Байқауды ұйымдастырушылар жекелеген номинациялар мен орындар бойынша бермеуге, сондай-ақ номинациялар арасында жүлде қорын қайта бөлу құқығын өздеріне қалдырады.
13
Байқау жолданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
1 орын — 400 000 теңге
2 орын — 200 000 теңге
3 орын — 100 000 теңге
«Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасы» ММ
Бейбітшілік даңғылы, 11
Конкурсқа қатысу бойынша өтініш
Байқауға катысуға өтінімді тіркей отырып, байқауға қатысу шарттарымен келісімді растайсыз
Қатысушының ТАЖ
Жұмыс орны
Әлеуметтік желідегі профильге сілтеме
Номинация
Байқау жұмысының атауы
күнi
Байқау жұмысының шыққан күні
Жұмыстың әлеуметтік желілердегі сілтемесі
Мекен-жайы
Байланыс телефоны
Электронды пошта